06.05.2008, 10:11 1311

Павлодар облысында мас тракторшы шекараны кесіп өтіп, Ресей жеріне тап болғанын аңғармай қалған

Павлодар облысында мас тракторшы шекараны кесіп өтіп, Ресей жеріне тап болғанын аңғармай қалған

Павлодар. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында ішімдік алуға кеткен мас тракторшы мемлекеттік шекараны қалай кесіп өтіп, Ресей қалаларының біріне жеткенін аңдамай қалған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Тракторшыны Алтай өлкесінің мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясының қызметкерлері тұтқындаған. Оны Ресейдің шекаралас қаласы Славгородтың көшелерінің бірінде тоқтатқан.

"Тұтқындаған кезде ер адам жол инспекторларынан өзінің қай жерде жүргендігін сұраған. Ол тіпті де өзге мемлекетке өтіп кеткенін сезбеген", - деп атап көрсетті Қазақстан полициясы.

Ер адам есін жинағаннан кейін Ресей милиционерлері тракторшыны Қазақстанның "Найза" бақылау-өткізу пунктінің шекарашыларына табыстаған. Бұл ретте көлік құралы барлық жағдай анықталғанша Ресей аумағында қалады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметтеріне сүйенсек, енді ауыл тұрғынына "Галицкое" ЖШС шаруалығының аумағынан "К700" тракторымен рұқсатсыз шығып кеткені үшін жаза күтіп тұр. Ол ЖШС басшылығы аудандық ішкі істер органына арыз жазған. Айдап әкетілген трактордың құнын олар 5 млн теңге деп бағалаған. Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабы (Айдап әкету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өз кезегінде Ресей милиционерлері де тракторшыға қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті деген қылмыстық іс қозғаған.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей шекара қызметінің көзіне түспестен "К700" тракторы мемекеттік шекараны қалайша кесіп өткендігі анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны