02.12.2010, 18:33 3477

Павлодар облысында маусым айында сібір жарасының таралуына ет сатқан ауыл тұрғыны кінәлі

Павлодар облысында маусым айында сібір жарасының таралуына ет сатқан ауыл тұрғыны кінәлі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақсу. 2 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Павлодар облысында маусым айында сібір жарасының таралуына ет сатқан ауыл тұрғыны кінәлі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Ақсу қалалық соты Жолқұдық ауылдық округінде сібір жарасының таралуына қатысты істі қарап, үкім шығарды. Ребровка аулының тұрғыны Аманжол Кенжебаев 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Бірақ, айыпталушы жақ пен Жолқұдық аулының тұрғындары сот шешімімен келіспейтіндіктерін хабарлаған.

"Мен оны айыпты деп санамаймын, себебі сот отырысында барлық мал дәрігерлері сібір жарасының таралуына вакцинацияның дер кезінде жүргізілмеуінің себеп болғандығын түсіндірді. Егер малдарға дер кезінде вакцина салынған жағдайда мұндай оқиға болмас еді. Біз шығарылған үкіммен келіспеушілік танытып, шағым түсіреміз",- деп мәлім етті сотталған азаматтың қорғаушысы Айгүл Ахметова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны