08.04.2008, 19:26 3464

Павлодар облысында орман ағаштарын ұрлаған топ құрықталды, олардың қатарында "Ертіс Орманы" табиғат резерватының қызметкерлері болды

Павлодар облысында орман ағаштарын ұрлаған топ құрықталды, олардың қатарында "Ертіс Орманы" табиғат резерватының қызметкерлері болды

Павлодар. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Павлодардың табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман ағаштарын ұрлаған топты қолға түсірді, олардың қатарында "Ертіс Орманы" табиғат резерватының қызметкерлері де болды. Бұл туралы журналистерге аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі полиция майоры Жанар Белялова құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Күдіктілер Лебяжье АІБ табиғат және мал дәрігерлік полициясы қызметкерлерімен Бесқарағай бөлімшесінің мемлекеттік резерваты территориясында өткізілген арнайы шаралары кезінде құрықталды ", -деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ж. Белялованың айтуынша шұғыл уәкілдер Жабағалы ауылы маңында жаңадан кесілген қарағай тиелген "ГАЗ-53" көлігінің жүргізушісін қолға түсірді. Полиция қызметкерлерімен сөйлескен кезде Шығыс Қазақстан облысының 19 жасар тұрғыны ағаш тиелген орынды көрсетті.

"Жергілікті жерді тексеру кезінде полиция қызметкерлері Бесқарағай бөлімшесінің Көкжал орман шаруашылығының 46 жастағы орманшысы мен осы шаруашылықтың 43 жасар тракторисін қолға түсіріп, олардан дайындалып қойған 15 текше метр ағаш тәркіленді", - деді майор Ж. Белялова.

Олардан басқа бұл ауданда қарағай орманында ШҚО тұрғыны жүргізген "ЗИЛ-131" көлігі, ШҚО тұрғыны айдаған "ГАЗ-53"жүк көлігі, "Ертіс Орманы" резерватының мемлекеттік инспекторы жүргізген "МТЗ-80"тракторы және Қазантай ауылының тұрғыны жүргізген "Нива" жеңіл көлігі тоқтатылды. Олардан жаңадан кесілген ағаштар табылды.

Полиция департаментінде хабарланғанындай, барлық тәркіленген ағаш жауапты сақтауға тапсырылды. Алдын ала мәліметтер бойынша келтірілген шығын көлемі 450 мың теңгені құрайды. Бұған қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 291 (заңсыз ағаш кесу) және 175(ұрлық) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны