06.06.2008, 10:06 1307

Павлодар облысында орманшылар "Ертіс орманы" табиғи резерватындағы өртпен күресуде

Павлодар облысында орманшылар "Ертіс орманы" табиғи резерватындағы өртпен күресуде

Павлодар. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында орманшылар "Ертіс орманы" табиғи резерватындағы өртпен күресуде. Шарбақты аудандық әкімдігінің мәліметтеріне сүйенсек, өрт кеше сағат 4.00-де анықталған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Орманшылардың айтуыларынша, өртті сөндіруге күннің ыстықтығы мен күшті жел кедергі келтіріп отыр. Соған қарамастан, өрт ошағын сөндірудің мүмкіндігі туған. Өртті толығымен сөндіру жұмыстары басталған.

Агенттік тілшісімен әңгіме барысында Шарбақты ауданының әкімі Сапаргелді Смағұловтың атап көрсеткеніндей, биыл бұрнағы жылдармен салыстырғанда өрт болу қаупі бар маусым басталғалы бері Шалдай орманында ірі өрт болып көрмепті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны