19.01.2010, 17:05 2861

Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында күн біршама суытады деп күтілуде

Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында күн біршама суытады деп күтілуде

Павлодар. 19 қаңтар. Kazakhstan Today - Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында күн біршама суытады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Павлодар облыстық гидрометеорология орталығына сілтеме жасай отырып, қалалық білім басқармасының хабарлауынша, бүгін таңертеңгі сағат 06.00-дағы жағдаймен аймақта ауаның температурасы 39 градус аязға дейін төмендеген. "Соған байланысты қаладағы мектептерде 1 мен 11 сыныптар аралығында, сондай-ақ, колледждер мен лицейлерде бірінші курс студенттері үшін сабақты тоқтату туралы шешім қабылданды. 2010 жылдың басынан бері өңірде күн райының қолайсыздығына байланысты осымен міне 6-шы рет, ал жалпы жыл басынан бері 14 рет сабақ тоқтатылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны