25.02.2008, 14:52 2815

Павлодарда 26 ақпаннан бастап мектептерде карантин енгізіледі

Павлодарда 26 ақпаннан бастап мектептерде карантин енгізіледі

Павлодар. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда 26 ақпаннан бастап барлық мектептерде тұмау таралуға байланысты карантин енгізіледі. Бұл туралы агенттік тілшісіне қалалық білім беру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Зәуреш Мұқашева хабарлады.

"Тұмаумен ауырған оқушылардың саны 21%-дан 30%-ға дейін өскендіктен, 26 ақпаннан бастап келесі аптаның дүйсенбісіне дейін сабақ тоқтатылады", -деді З. Мұқашева.

Шектеу шарасы облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментімен келңсу негізінде енгізіліп отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны