03.12.2008, 16:25 2796

Павлодарда автобустарда жүру жолақысы 2 теңгеге арзандады

Павлодарда автобустарда жүру жолақысы 2 теңгеге арзандады

Павлодар. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда 2 желтоқсаннан бастап автобустарда жүру жолақысы 2 теңгеге арзандады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қала әкімінің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Икімшілік ақпаратына сәйкес, қалалық автобустарда жолақысын азайту туралы шешімді жолаушыларды тасымалдаушы кәсіпорындардың жетекшілері қабылдады. Жолаушылар бұдан былай 35 теңгенің орнына 33 теңге төлейтін болады. Бұл жанар-жағармай бағасының төмендеуіне байланысты.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жаңа жылдан бастап Павлодарда қоғамдық көлікпен жүрудегі жеңілдіктердің жаңа жүйесі енгізіледі.Жолаушылар көліктерінде тегін жүру құқығына қала тұрғындарының он санаты ие болады. Олардың ішінде, республикалық және облыстық маңыздағы зейнеткерлер, армия мүгедектері және "ауғандықтар", жетім балалар мен ленинградтық блокадашылар бар.

ІІ топтағы мүгедектерге сапар саны шектелмейтін жылдық тегін жол жүру билеттері беріледі. Ал еңбек өтілдері бойынша және жастары келіп зейнетке шыққан зейнеткерлер, бұрынғысынша, бір сапар үшін 20 теңге төлейтін болады, оның ішінде саяжайларға бару үшін де баға өзгермейді.

Қалалық қоғамдық көліктермен жүру жеңілдіктері туралы мәселе павлодарлық мәслихат депутаттарының, мемлекеттік орган басшыларының, тасымалдаушы компаниялар мен қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте талқыланды.

Павлодар әкімдігі қоғамдық көлікпен жүру жеңілдіктерінің жаңа жүйесін қалалық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны