09.02.2016, 09:31 3243

Павлодарда бес жасар қызды зорлаған педофил 18 жылға сотталды

Павлодар облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты бес жасар қызға қорлық қылған ер азаматқа қатысты үкім шығарды

Павлодар. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Павлодар облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты бес жасар қызға қорлық қылған ер азаматқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Естеріӊізге сала кетсек, жан түршігерлік оқиға өткен жылдыӊ 12 маусымында болған. Қыз анасынан сәл ертерек үйден шығып, жоғалып кеткен. Төрт сағаттан соӊ қызды бейтаныс ер азаматпен бірге тапқан. Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары екі күдіктіні қолға түсірген, алайда сот алдына 29 жастағы Шарбақты ауданыныӊ тұрғыны Рафхат Молдажанов қана келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Сот процесі жабық түрде жүргізіліп, оған журналистерді кіргізген жоқ. Тек қана үкім шығарылатын кезде БАҚ өкілдеріне сотқа қатысуға рұқсат етілді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында арнайы жасалған сараптама Р. Молдажановтыӊ кінәлі екенін дәлелдеді.

- Рафхат Молдажанов кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ алкогольге тәуелділік дертінен айықтырылуға міндеттеледі. Ол жазасын қатаӊ режимдегі калонияда өтейді, - деді прокурор Наталья Лопатина.

- Қазіргі уақытта сұмдық жайды ұмыту үшін психологтар барынша жұмыс жасауда, - деді қыздыӊ әкесі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны