13.03.2007, 12:11 3421

Павлодарда бір жасөспірім өзін-өзі ұрлады деп өтірік айтып әке-шешесінен 40 мың теңге талап еткен

ПАВЛОДАР. 13 наурыз. Kazakhstan Today. Павлодарда бір жасөспірім өзін-өзі ұрлады деп өтірік айтып әке-шешесінен 40 мың теңге талап еткен. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Павлодардың Солтүстік Ішкі істер бөлімінен хабарлады.

Полицейлердің хабарлауынша, құқық қорғау органына 43 жастағы павлодарлық Илия Қабсатова келіп, белгісіз біреулердің із-түссіз жоғалып кеткен ұлы Сағындық үшін ақша берсе, қайтарып береміз дегенін хабарлайды. Ұрылар ақшаны Қабсатовтар тұратын үйдің пошта жәшігіне салып кетуді табап еткен.

Тергеу барысында полицейлер ұрланған жасөспірімді қаладағы компьютер клубтарының бірінен тауып алады.

Ал жауап алу кезінде бала ата-анасын үркіткен қағазды өз қолымен жазғанын мойындаған. Бір түнді ол көрші подъезде өткізіпті де, таңертең компьютер клубына бет алады. Сонда ол әке-шешесінің ақшаны пошта жәшігіне қашан әкеп салғанын күткен екен.

Бұдан әрі жүргізілген тергеу кезірде Қабсатовтар отбасы осыдан бұрын да ақша бермесе жеке отбасына ғана белгілі жайттарды жариялайтыны туралы қорқытып-үркіткен қағаздар алғандықтарын айтады. Полицейлер қылмыстық іс қозғамай, сегізінші сынып оқушысының анасының арызын кері қайтарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны