02.10.2009, 11:28 3319

Павлодарда Қариялар күніне орай нанның бағасы төмендетілді

Павлодарда Қариялар күніне орай нанның бағасы төмендетілді

Павлодар. 2 қазан. Kazakhstan Today - Павлодар нан-тоқаш зауыты нанның ең өтімді сұрыбының бағасын 5 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Павлодар нан-тоқаш комбианы" ЖШС бұл науқанды Павлодар облысында дәстүрлі 1 қазанда кеңінен атап өтілетін Халықаралық Қариялар күніне орайластырып отыр.

Зауыт әкімшілігінің журналистерге хабарлауынша, комбинатта өндірілетін "Тау нан" атты нанның бағасы 50 теңге болған, енді 1 қазаннан бастап ол 5 теңгеге төмендетіліп, 45 теңге болды.

Кәсіпорындағылар бұл қадамды пайда болған мүмкіндікпен түсіндіреді. Өткен жылғы түсім бидайының бағасы қазір 1 тоннасына 25 мың теңгені құрайды, бұл өткен жылғыдан арзан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны