22.06.2010, 15:23 3589

Павлодарда малдарды сібір жарасына қарсы егу уақытынан кеш жүргізілген - мал дәрігерлері

Павлодарда малдарды сібір жарасына қарсы егу уақытынан кеш жүргізілген - мал дәрігерлері

Павлодар. 22-маусым. Kazakhstan Today Павлодарда малдарды сібір жарасына қарсы егу уақытынан кеш жүргізілген. Бұл туралы дүйсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының мемлекеттік мал дәрігерлік-санитарлық бас инспекторы Рашид Нұрбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Осы жылы вакцина кеш келіп, малдарды сібір жарасына қарсы егу жүз пайызға қамтылмай қалған болатын. Эпидемиологияға қарсы іс-шаралар жоспарында міндетті түрде сібір жарасына қарсы егу көзделген. Бірақ, ауру шыққан кезде малдардың барлығы егіліп үлгерген жоқ болатын",- деп мәлім етті Р. Нұрбеков. Оның айтуынша, малдарды сәуір айынан бастап егу қажет болған, бірақ егу жұмыстарын 1,5 ай кеш бастаған.

Облыстық бас инспектордың айтуынша, вакцинаны жеткізу мал дәрігерлік қызметті қайта ұйымдастыруға байланысты кешеуілдеген.

Р. Нұрбеков, ауырған малдар елді-мекендерде емес, жазғы жайылымдарда жүргендіктен бақылау қою қиынға соққандығын хабарлады.

Бұрын хабарлағанымыздай, маусымның 19-ы күні түнгі сағат 2.30-да Ақсу ауданы Қаракөл және Ребровка ауылдарынан сібір жарасына шалдықты деген күдікпен 40 және 48 жастағы екі ер адам, 39 және 44 жасар екі әйел адам ауруханаға жатқызылған.

"Маусымның 20-сы күні 40 жастағы науқастардың бірі ауруханада көз жұмды. Ал 44 жасар әйел кеше ауруханада көз жұмған болатын. Кешегі күннің 18.00 жағдай бойынша осындай диагнозбен 5 адам ауруханаға жатқызылған.

Медицина қызметкерелі адамдардың сібір жарасын жұқтырғандығын растап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны