15.02.2007, 17:44 2944

Павлодарда операциялық жүйенің лицензиясыз версиясы компьютерлердің 85 пайызына, соның ішінде мемлекеттік мекемелерде орнатылған - әділет министрлігі

ПАВЛОДАР. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Павлодарда тексерілген компьютерлердің 85 пайызына "Windows" операциялық жүйесінің лицензиясыз версиясы орнатылған. Павлодар облыстық әділет департаменті тарапынан "Майкрософт" компаниясының сұрауымен жүргізілген тексерудің нәтижесі осындай, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында әділет департаментінің санаткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлім бастығы Ернар Смағұлов.

"Қазіргі уақытта операциялық жүйенің лицензиялы версиясын көп адам сатып ала бермейді, оларға өз таныстарынан осы жүйенің қарақшылық версиясын орнатып беруді өтіну айтарлықтай жеңіл",- деді Ернар Смағұлов.

Павлодар облысының әділет министрлігінің санаткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлім мамандарының мәліметтеріне сүйенсек, әйгілі операциялық жүйенің лицензиясыз нұсқасы кейбір мемлекеттік мекемелердің компьютерлерінде де орнатылған.

"Біз қарақшылық жолмен көшірілген дискілер мен процессорларды тәркіледік. Ал мемлекеттік мекемелерде осы мақсатта арнайы қаржы бөлініп отырғанда, неге операциялық жүйенің лицензиясыз версиялары орнатылғандығын прокуратура анықтай жатар",- деді Ернар Смағұлов.

Сонымен ақатар, облыстық әділет департаментінің қызметкерлері Павлодар қаласындағы базарлардың контрафакт өнімдерге лық толы екендігін, жергілікті сатушылар оларды әйгілі компания брендінің тұпнұсқасы ретінде сататынын атап өтті. "Ең көп жасанды өнім, әрине, ұялы телефондар сататын салондарда",- деп хабарлады Павлодар облыстық әділет департаментінің санаткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлім бастығы Ернар Смағұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны