10.10.2007, 19:14 2897

Павлодарда ресейлік компаниялардың қатысуымен әмбебап өнеркәсіптік көрме өтті

Павлодарда ресейлік компаниялардың қатысуымен әмбебап өнеркәсіптік көрме өтті.

Павлодар. 10-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда дәстүрлі "Имбебап өнеркәсіптік көрме" өтті, оның жұмысына Ресейдің Омск облысынан келген бизнес өкілдері қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Осы жолғы көрменің басты ерекшелігі бұл жерде бұрыннан белгілі өндірушілермен бірге жаңа құрылған жас компаниялар да өз өнімдерін ұсынды",- деп атап өтті агенттік тілшісіне берген сұхбатында Павлодардың сауда-өнеркәсіптік палатасының сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің маманы Наталья Кучерук. Ол сондай-ақ, "жыл сайын көрмеге қатысушылардың санының өсуімен қатар тауарлардың түрлері де өсіп келеді", деп қосты.

Н. Кучеруктің хабарлауынша, үстіміздегі жылы көрме жұмысына және оның аясында өткен бизнес-кездесулерге құрылыс және өңдеу материалдарын, электр техникалары мен электр жабдықтарын, химиялық өнімдер, көліктер мен халықтың тұтынатын тауарларын өндірумен айналысатын компаниялар қатысқан, олар Қазақстан мен көршілес Омск облысынан келген 70-тен астам кәсіпорындар. Қазақстандық және омскілік бизнесмендер өнім тасымалдау туралы, оның мерзімі, кедендік жағдайлар, тауар жіберу түрлері туралы келіссөздер жүргізді, сонымен қатар екі елдің сауда-экономика саласына қатысты заңнамларындағы соңғы өзгерістерді талқылады.

"Имбебап өнеркәсіптік көрме" - Ресеймен шекаралас аймақтардың кәсіпкерлерінің қатысуымен Павлодарда дәстүрлі түрде өтетін, бизнес-алаңының маңыздылығы бойныша "Сибирь-Қазақстан" Халықаралық көрмесінен кейінгі екінші көрме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны