30.03.2011, 12:08 3600

Павлодардың білім беру мекемелерінде 30,918 млн теңге көлемінде қаржылық заң бұзушылықтар анықталған

Павлодардың білім беру мекемелерінде 30,918 млн теңге көлемінде қаржылық заң бұзушылықтар анықталған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 30 - наурыз. Kazakhstan Today - Павлодардың білім беру мекемелерінде 30,918 млн теңге көлемінде қаржылық заң бұзушылықтар анықталған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Павлодар қаласы мәслихатының ревизиялық комиссиясы жалпы көлемі 30,918 млн теңгеге жергілікті мектептерде, бала-бақшаларда және балалар мен жасөспірімдер клубтарында қаржылық тәртіп бұзушылықтар анықған. Бұл туралы бүгін "BNews.kz" тілшісіне Павлодар қаласы мәслихатының ревизиялық комиссиясының төрағасы Асқар Бахралинов мәлім еткен.

"Біз анықтаған қаржылық тәртіп бұзушылықтардың басым бөлігі бюджет қаражатын мақсатсыз және тиімсіз пайдалануға байланысты. Тексеріс барысында өрескел қаржылық тәртіп бұзушылықтарды да анықтадық. Сонымен, 30 млн 918 мың теңгенің 8 млн 604 мың теңгесін ғана қалпына келтіруге болады", - деді Асқар Бахралинов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны