20.01.2012, 16:54 2986

Павлодарлық полицейлер бес күннен бері сауда үйінде адасып қалған баланың ата-анасын іздеуде

Павлодарда полицейлер бес күннен бері сауда үйінен табылған баланың ата-анасын іздеу үстінде.

Павлодар. 20-қаңтар. Kazakhstan Today - Павлодарлық полицейлер бес күннен бері сауда үйінде адасып қалған баланың ата-анасын іздеуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Павлодарда полицейлер бес күннен бері сауда үйінен табылған баланың ата-анасын іздеу үстінде.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, "16-қаңтар күні сауда үйлерінің бірінен 2-3 жас шамасындағы еуропалық нәсілді ұл бала табылған. Оның мойнына ақ металл крест ілінген".

Бұл туралы полицияға сауда үйінде жұмыс істейтін сатушы хабарлапты. "Бутикке кішкентай бала кірді. Қолында 200 теңгесі бар ол ойыншық машина сұрады. Мен одан мамаң қайда деп сұрадым. Бала анасын шақыра бастады, бірақ оған ешкім жауап қатқан жоқ" дейді дүкенші.

Оның үстіне ешкім бала жоғалтқаны туралы полицияға арыз бермеген көрінеді.

Қазір бүлдіршін облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың үсті-басы таза, өзінің де, ата-анасының да атын білмейді. Келесі аптаның ортасына дейін туыстары табылмаса ол балалар үйіне тапсырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны