09.03.2016, 12:12 3917

Павлодарлық полицейлер көлік ұрлаған мас жүргізушіні тоқтату үшін темір тұлпармен соқтығысты

8-наурыз күні 27 жастағы павлодарлық жігіт Павлодар ауданы Ольгинка ауылынан "Дэо Матиз" автокөлігін айдап әкетті

Павлодар. 9 наурыз. Kazakhstan Today - 8-наурыз күні 27 жастағы павлодарлық жігіт Павлодар ауданы Ольгинка ауылынан "Дэо Матиз" автокөлігін айдап әкетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, мас күйінде автокөлікті иемденген белгісіз жігіт шамамен сағат 00.20-де Павлодар-Лебяжі тас жолында үлкен жылдамдықпен келе жатып, полиция қызметкерлерініӊ назарына түскен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

- Павлодар қаласыныӊ көшелерімен жүрген азамат бірқатар жол ережелерін бұзып, "Тойота Камри" көлігіне соғылған. Бұдан әрі жол апатыныӊ алдын алу мақсатында автопатруль № 622 батальоны жол-күзет полициясыныӊ старшинасы Асхат Абдрахманов пен кіші сержант Бахтияр Жақиенов өз көлігімен соқтығысу арқылы мас жүргізушіні тоқтатқан, - деп нақтылады ІІД-де.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ніӊ 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жігіт Павлодар қаласыныӊ ІІБ уақытша ұстау изоляторына орналастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны