30.05.2018, 19:28 9065

Педиатрия орталығында көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға бірегей ота жасалды

Қазақстанда тұӊғыш рет енгізіліп отырған көз іші қатерлі ісігі- ретинобластоманы емдеудіӊ органсақтаушы озық әдісін енгізу - балалардыӊ көздерін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Операцияныӊ ерекшелігі де осында.

Алматы. 30 мамыр. Kazakhstan Today -Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Ресей мамандарыныӊ қатысуымен "Ретинобластомаға шалдыққан науқастарды жедел емдеу" атты көз іші қатерлі ісігі - ретинобластоманы емдеуге арналған шеберлік-сыныбы өтуде. Шеберлік-сыныбы аясында елімізде тұӊғыш рет көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға селективті интраартериалды химиотерапия (СИАХТ) жүргізіліп, орталықта жатқан 4 балаға ота жасалды.

Бірегей шеберлік-сыныбын өткізуге және СИАХТ операциясын жасау үшін Ресейден Н.Н.Блохин атындағы Онкологиялық ұлттық медициналық зерттеу орталығыныӊ (Мәскеу қ.) дәрігерлері - ангиохирург Игорь Трофимов және анестезиолог Леонид Мартынов арнайы шақырылды. Санаулы ғана елдерде енгізілген операцияны ресейлік дәрігерлермен бірге Педиатрия орталығыныӊ онколог, офтальмолог, анестезиолог дәрігерлері және Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтыныӊ офтальмолог дәрігерлері бірігіп өткізді.

Қазақстанда тұӊғыш рет енгізіліп отырған көз іші қатерлі ісігі- ретинобластоманы емдеудіӊ органсақтаушы озық әдісін енгізу - балалардыӊ көздерін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Операцияныӊ ерекшелігі де осында.

Айтулы шараға орай арнайы өткен баспасөз-мәслихатында ҚР ДСМ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығыныӊ директоры, м.ғ.д. Риза Боранбаева: "Қазақстанда көз іші қатерлі ісігімен анықталған барлық балалар 2015 жылдан бері біздіӊ Ғылыми орталықта ем алады. Ретинобластома - ол балаларда сирек кездесетін, тұқым қуалайтын көз іші қатерлі ісігі. Жыл сайын елімізде ретинобластомаға шалдыққан 20-25 бала (алғаш рет ауырған) тіркеледі. Бұл кесел көбіне 5 жасқа дейінгі балаларда анықталуда. Бұл аурудыӊ түрі барлық қатерлі ісіктердіӊ 4%-н құрайды. Жиілігі 14 000 - 20 000 тірі туылған нәрестеге шаққанда 1 жағдайдан кездесуде. Соӊғы жылдары енгізіліп отырған жаӊа емдеу тәсілдері мен диагностикалаудыӊ арқасында балалардыӊ өмір сүруі ұзартылуда. Біздіӊ мамандарымыз Германия, Австрия сынды елдерден тағылымдамалардан өтіп отырады, сондай-ақ, шет елдік мамандардыӊ қатыстыруымен түрлі біліктіліктерін арттыруға арналған шеберлік-сыныптарын өткізіп отырамыз. Орталықта 2015 жылдан бастап бұл "жаман ауруды" емдеу бойынша лазеркоагуляция және интравитреалды химиотерапия тәрізді жергілікті емдеу әдістері белсенді енгізіліп және қолданылып келеді. Сонымен қатар, екінші қайталанған ісік тәрізді кеш асқынулардыӊ дамуын төмендету үшін тәуекелге бейімделген ем жүргізуге мүмкіндік беретін IRSS (International Retinoblastoma Staging System) жүйесі бойынша халықаралық жіктелімге сәйкес гистологиялық тәуекел факторларын бағалау жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтымен бірге іске асуда. 2017 жылдан бастап көз алмасын энуклеациядан кейін өсіп келе жатқан баланыӊ бет сүйегініӊ косметикалық ақауын төмендетуге мүмкіндік беретін көз импланттарын қолдану басталды. Біздіӊ алдымызда тұрған келесі қадам - ол соӊғы 10 жылда АҚШ-та қолданылып және баланыӊ өмірін ғана сақтап қоймай, сонымен қатар 95%-ға дейін көзді де сақтауға мүмкіндік беретін органсақтаушы емніӊ озық әдісін енгізу болып отыр. Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда алғаш рет енгізілгелі отырған жаӊа технология - селективті интраартериалды химиотерапия ондаған науқас балаларға көздерін сақтап қалуға мүмкіндік береді", деп атап өтті.

Оныӊ айтуынша, операцияны өткізуге орталықта барлық жағдайлар, арнайы медициналық құрал-жабдықтар мен аппараттар бар және мамандар да жеткілікті.

Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты осы аталған технологияны Қазақстан Республикасында енгізуге бастама көтеріп отыр. Сонымен қатар, оны кепілді көлемдегі тегін медициналық көмекке қосуға ұсынуда. 2016 жылы Retinoblastoma Registry неміс хаттамасы негізінде ретинобластоманы диагностикалау мен емдеудіӊ жаӊа клиникалық хаттамасы бекітілген және бұл хаттама биылғы жылы жаӊа органсақтаушы технологияныӊ енгізілуіне байланысты қайта қаралуда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткеннен кейін СИАХТ әдісі балалар онкологиялық қызметі мен интервенциялық хирургия шоғырландырылған және ретинобластомаға шалдыққан барлық балаларға негізгі ем жасалынатын ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығыныӊ практикасына енгізілетін болады.

- "Көз іші қатерлі ісігін емдеудіӊ селективті интраартриалды химиотерапия (СИАХТ), офтальмоаппликатормен брахитерапия жасау, криодеструкция, транспупиллярлы термотерапия және мелфалан мен топотеканмен интравитреалды химиотерапия түрлері бар. Оныӊ ішінде селективті интраартериалды химиотерапия (СИАХТ) әдісі еӊ тиімдісі болып табылады. Бұл ем Америкада 10 жылдан бері қолданылып келеді және бүгінгі күні жоғары, еӊ тиімді ғана емес, баланыӊ өміршеӊдігін 100 пайыз құрап отыр. Қазақстанда емдеудіӊ стандартты тәсілі көзді алып тастау еді. Өмір бойы көз протезін киіп жүру психологиялық тұрғыдан, тіпті қай жағынан алсаӊ да бала үшін де, ата-ана үшін де өте ауыр. Сондықтан, ата-аналардыӊ көпшілігі көзді сақтап қалу үшін шет елдерге жүгінуде. Мәселен, Ресейде бұл отаны жасату үшін 350 000 рубль қажет болса, Индия, Швейцарияда 60 000-70 000 АҚШ доллар тұрады. Соӊғы 10 жылда әлем бойынша ретинобластоманы емдеу өзгерген. Көптеген елдерде көзді алып тастау әдісі азаюда. Көз іші қатерлі ісігі- ретинобластоманы емдеудіӊ органсақтаушы әдісін енгізу және дамыту Қазақстан азаматтарыныӊ өз отанында анатомиялық және функционалдық орган ретінде көздерін сақтай отырып жоғары мамандандырылған тегін көмек алуына мүмкіндік береді", деді "Қазақ көз аурулары ҒЗИ" АҚ-ныӊ Басқарма төрағасы, м.ғ.д. Марат Сүлейменов.

Балаларда кездесетін көз іші ісігініӊ арасындаретинобластома 90%-дықұрайды және жоғары қатерлілігімен сипатталады. Жыл сайын әлемде ретинобластоманыӊ 8100 жаӊа жағдайы анықталады, оныӊ ішінде 570-810 жағдай нәрестелерде. Ретинобластома көз алмасыныӊ бәрін ісік тіндерімен басып, көру жүйкесіне, көз ұясына, бас миына өсіп шығатын агрессивті барысымен сипатталады. Ісік тек көру қабілетінен айыру түрінде ғана қауіп төндіріп қоймайды, сонымен қатар метастаздыӊ және басқа органдарда да екінші қатерлі ісіктіӊ дамуы салдарынан өлім-жітімніӊ жоғарылығы түрінде де қауіпті.

Мәскеулік дәрігер Игорь Трофимовтыӊ айтуынша, көздіӊ қатерлі ісігін емдеу Н.Н.Блохин атындағы Онкологиялық ұлттық медициналық зерттеу орталығында 2011 жылдан енгізілген.

- "Блохин атындағы Онкологиялық орталық ретинобластоманы емдеу бойынша айналысатын Ресейдегі жалғыз орталық. 5 жылдан бері бұл мәселеге біз ерекше назар аударып келеміз. Жылына орталықта 120-дан астам ота жасалынады. Операцияны жасау 1-1,5 жарым сағат уақытты алады және дайындығы бар. Препарат басқа органдарға нұқсан келтірмей, ошаққа дәл жіберіледі", деді ресейлік дәрігер-ангиохирург И.Трофимов.

Баспасөз-мәслихатында арнайы қаражат бөліп, шеберлік-сыныпты өткізуге мүмкіндік берген ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне және демеушілік көрсеткен "Асқар Жакулин" атындағы қайырымдылық қорына үлкен алғыс білдірілді.

Республикадағы еӊ үлкен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында көз іші қатерлі ісігін емдеудіӊ жаӊа технологиясыныӊ енгізілуі Педиатрия орталығы тарихында ғана емес, қазақ медицина тарихындағы үлкен жаӊалық болмақ.

Шараға шеберлік-сыныбыныӊ тыӊдаушылары ретінде Қазақстан Республикасыныӊ барлық өӊірлерінен 30-дан астам онколог дәрігерлер, педиатрлар мен офтальмологтар қатысуда, деп хабарлайды "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны