30.05.2016, 15:21 4055

Педофилдер мерзiмiнен бұрын шартты түрде бостандыққа шықпайды - ҚР IIМ

Бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР IIМ Икiмшiлiк полиция комитетiнiӊ бөлiм басшысы Исет Оспанов балаларды қорғауға қатысты заӊнамаға енгiзiлген өзгерiстерге тоқталды

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР IIМ Икiмшiлiк полиция комитетiнiӊ бөлiм басшысы Исет Оспанов балаларды қорғауға қатысты заӊнамаға енгiзiлген өзгерiстерге тоқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Заӊға енгiзiлген өзгерiстер бойынша педофилдердi шартты түрде босатуға, қылмысын мойындаса, сондай-ақ екi жақ ымыраласқан жағдайда оны қылмыстық жауаптан босатуға тыйым салынады. Мұндай адамдарға мерзiмiнен бұрын шартты босату, қалған жазасын жұмсағырақ жаза түрiну ауыстыру немесе оныӊ мерзiмiн қысқарту, айыптау үкiмiнiӊ мерзiмi өтiп кетуiне байланысты жазаны өтеуден босату, сондай-ақ рақымшылық пен кешiрiм актiсi негiзiнде қылмыстық жауапкершiлiктен босату қолданылмайды", - дедi И.Оспанов, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұдан бөлек, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар балаларға қатысты осындай қылмыс жасаса, қосымша жаза ретiнде Қазақстан аумағынан шығарылады. Сондай-ақ, олар бостандыққа шыққаннан кейiн үш жылға дейiн әкiмшiлiк қадағалау белгiленедi.

"Сонымен бiрге, бұндай адамдарға белгiленген шектеулердiӊ бiрi ретiнде кәмелеттiк жасқа толмаған балалармен ата-анасыныӊ рұқсатынсыз әӊгiмелесуге тыйым салу айқындалған", - деп атап өттi полиция өкiлi.

Айта кетейiк, педофилдердi химиялық пiштiру жазасы қарастырылған заӊ биыл қабылданды. Бұл норма елiмiзде 2018 жылдан бастап күшiне енедi.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны