25.03.2011, 13:03 3619

Петербургте болған ірі көлік апатынан 45 көлік зардап шеккен

Петербургте болған ірі көлік апатынан 45 көлік зардап шеккен, олардың ішінде екі жолаушылар автобусы да бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 25 - наурыз. Kazakhstan Today - Петербургте болған ірі көлік апатынан 45 көлік зардап шеккен, олардың ішінде екі жолаушылар автобусы да бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мекеменің хабарлауынша, көлік апаты Петербургтің Пушкинск ауданындағы Витебск даңғылында сағат 18.00 шамасында болған. Алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек, зардап шеккендер де бар. Қазіргі уақытта олардың саны анықталуда, деп мәлім етті ТЖД.

Жаппай көлік апатының орын алуына не себеп болғандығы, сондай-ақ, апаттың мән-жайы әзірге белгісіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны