27.02.2015, 23:35 2507

Петропавл ардагерлері республикалық "ЖЕӉІС" қайырымдылық жобасыныӊ аясында "дабыл түймелерін" алады

Қазақстанда Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған кеӊ ауқымды "ЖЕӉІС" қайырымдылық науқанын өткізу жалғасуда. Науқан аясында Қазақстанда тұратын Ұлы Отан соғысыныӊ қатысушылары - ардагерлерді шұғыл көмек жүйесіне қосуға бағытталған "Өмір Жолы" ("Линия жизни") әлеуметтік жобасын жүзеге асыру да өтуде.

Астана. 27 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған кеӊ ауқымды "ЖЕӉІС" қайырымдылық науқанын өткізу жалғасуда. Науқан аясында Қазақстанда тұратын Ұлы Отан соғысыныӊ қатысушылары - ардагерлерді шұғыл көмек жүйесіне қосуға бағытталған "Өмір Жолы" ("Линия жизни") әлеуметтік жобасын жүзеге асыру да өтуде. Жүйеніӊ өзі стационарлық және ұялы құрылғыларды қосады, оған шұғыл көмекке шақыратын "дабыл түймесі" орнатылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

26 ақпан, бейсенбіде Петропавлда осы оқиғаға орай өткізілген баспасөз конференциясында "Өмір Жолы" қоғамдық қоры дабыл түймелерімен жабдықталған ұялы құрылғыларды облыстық ардагерлер кеӊесіне табыстады. Қазақстанныӊ облыстық орталығында тұратын Ұлы Отан соғысыныӊ барлық 287 ардагері алдағы екі аптада "дабыл түймелерін" алады деп күтілуде.

Облыстық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Ескендір Елеусізов кездесуді ашып, жеӊістіӊ мерейтойына арналған "Жеӊіс" жобасы және осы кеӊ ауқымды оқиға аясында өтетін іс-шаралар туралы қысқаша айтып берді. "Олардыӊ арасында "Өмір жолы" науқаны да бар. Оныӊ барысында Солтүстік Қазақстан облысында тұратын барлық Ұлы Отан соғысыныӊ қатысушыларын "SOS" түймесі орнатылған ұялы телефондармен жүйелі түрде қамтамасыз ету көзделген", - деп айтып өтті Елеусізов.

Салтанатты түрде телефондар төрт майдангер: Елена Макароваға, Петр Гладковқа, Степан Башкировқа және Федор Щегловқа табысталды. "Өмір Жолы" қорыныӊ атқарушы директоры Эрнар Нұрбековтіӊ айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысыныӊ қалған ардагерлері девайстарды жақын күндері алады. "30 сәуірге дейін қор Қазақстанныӊ барлық соғыс ардагерлерін "Өмір Жолы" жүйесіне қосуды аяқтауды жоспарлап отырмыз".

"Дабыл түймесініӊ" өзі қолдануы жеӊіл құрылғы болып табылады. Оныӊ девайсы ұялы телефон сияқты, оныӊ артында "SOS" түймесі орналасқан. Оны басқанда, ардагер көмек орталығына сигнал жібере алады. Үш секунд бойы оператордыӊ алдында абоненттіӊ жеке картасы шығады, онда оныӊ ауруларыныӊ барлық белгілері жазылған. Құрылғы дыбысы қатты байланыс және микрофонмен жабдықталған. Оператор нақтылайтын сұрақтар қойып, абонентпен тілдесе алады. Егер адамныӊ халі мүлдем мүшкіл болып, сөйлесуге шамасы келмесе, оператор дереу "жедел жәрдем" шақырады. Ары қарай оператор ардагерге қажетті көмек көрсете алатын барлық туыстарына немесе жақындарына хабар таратады.

"SOS дабылы орталық пункттерден елдімекендерге жылдам таралады: "Қазақтелеком" оны ойластырып қойды. Мұнан басқа, денсаулық сақтау ұйымдарыныӊ, құқық қорғау органдарыныӊ, ТЖ қызметтері мен т.б. өзара іс-қимылы жолға қойылған. Ал "Beeline" компаниясы аталмыш ұялы телефондар бойынша тегін сөйлесу мүмкіндігін ұсынды", - деді Нұрбеков.

Шұғыл қоӊырау шалынғаннан кейін оператор ардагердіӊ ұялы телефонына қайта қоӊырау шалып, оған көмек көрсетілгеніне көз жеткізуге міндетті. "Өмір Жолы" орталығында айтып өткендей, ұялы құрылғыныӊ көмегімен егер қажет болса, ІІД қызметіне де жүгінуге болады. Дабыл түймесініӊ артықшылықтары тайға таӊба басқандай, майдангерлерге тек жаӊа қызметке үйренісу қажет.

"Еуразиялық медиа форум" бас директоры Руслан Жемковтыӊ айтуынша: "Осы әлеуметтік жобаны жүзеге асырғанда ардагерлерге көмек бір мәрте ғана емес, кешенді және жүйелі түрде жасалатынына назар аудару керек. ҰОС ардагерлерініӊ барлық қажеттіліктерін өтеуге тырысамыз".

Баспасөз конференциясына Петропавл қалалық әкімдігініӊ, денсаулық сақтау басқармасыныӊ, ішкі істер департаментініӊ, төтенше жағдайлар департаментініӊ, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ, Солтүстік Қазақстан облысыныӊ ішкі саясат басқармасыныӊ, "Өмір жолы" қоғамдық қорыныӊ, "КарТел" ЖШС өкілдері, аумақтық ардагерлер кеӊестерініӊ өкілдері, ардагерлер активі мүшелері, еріктілер, БАҚ өкілдері қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны