10.06.2011, 13:50 3195

Петропавлда полиция тастанды баланың ата-анасын іздестіруде

"Даладан табылған бала өзінің жасын да, атын да айта алмайды - оның әлі тілі шықпаған. Оны Наркологиялық орталықтың бөлімшесіне белгісіз бір әйел алып келген. Оның айтуынша, 2 жас шамасындағы баланы ауладан тауып алған. Оның ата-анасын таппақ болғанымен, барлығы нәтижесіз болған",- деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Петропавл. 10 - маусым. Kazakhstan Today - Петропавлда полиция тастанды баланың ата-анасын іздестіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Даладан табылған бала өзінің жасын да, атын да айта алмайды - оның әлі тілі шықпаған. Оны Наркологиялық орталықтың бөлімшесіне белгісіз бір әйел алып келген. Оның айтуынша, 2 жас шамасындағы баланы ауладан тауып алған. Оның ата-анасын таппақ болғанымен, барлығы нәтижесіз болған",- деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар бала табылған Маяковск көшесіндегі жатахана тұрғындарынан жауап алған. Тұрғындардың айтуынша, баланы анасы үш күн бұрын бір танысына қалдырып кетіп, қайтып оралмаған.

"Қазірде бала облыстық балалар ауруханасына тексеруден өткізу үшін жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, баланың денсаулығы жақсы. Егер баланың ата-анасы табылмаса он күн ішінде толық тексеруден өтіп, Петропавл қаласының балалар үйіне орналастырылады. Баланың табылғанына екі күн өтсе де, полицияға ешкім шағым түсірмеген",- деп атап өтті ІІД баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны