06.05.2010, 15:35 2999

Петропавловск қаласында би верандасының жұмысы қайта жанданды

Петропавловск қаласында би верандасының жұмысы қайта жанданды

Петропавловск. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Петропавловск қаласында би верандасының жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today мәдениет бөлімінің бас маманы Динара Мырзахметовға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, зейнеткерлкрдің өтініші бойынша екі жылдан бері қалалық мәдениет және демалыс саябағында жексенбі күндері би алаңы тегін жұмыс істеуде. Вальс әуенімен бұрала билеуге немесе Хуторянканы қойып " биді қыздыруға" құштарлар аз емес.

"Өткен жылы біз өз келушілеріміздің талғамы мен өтініш-тілектерін зерттедік. Қазір бұл жерде өткен дәуірдің отты әндері ойналады. Ал биылғы ашылу салтанатына Петропавловск қаласына танымал шығармашылық ұжымдар қатысты. Ашылу рәсіміне жастар да көп келді", - дейді Д. Мырзахметова.

"Бізге қамқорлық көрсеткеніне ризамыз. Біз бұл жерде билеп, жастық шағымызды еске аламыз. Бұл жер бізге ұнайды", - деді зейнеткер Виктор Ерошкин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны