26.03.2010, 13:16 3021

Петропавловск қаласында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің өңірлік инспекциясы бастығының орынбасары коммерциялық құпияны жария еткені үшін жауапкершілікке тартылды

Петропавловск қаласында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің өңірлік инспекциясы бастығының орынбасары коммерциялық құпияны жария еткені үшін жауапкершілікке тартылды

Петропавловск. 26 наурыз. Kazakhstan Today - Петропавловск қаласында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы бастығының орынбасары коммерциялық құпияны жария еткені үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today СҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, инспекция төрағасының орынбасарының мұндай заңсыз әрекеттері Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі" заңнының 12-ші бабының 1-тармағының 12 -тармақшасында көрсетілген жемқорлыққа алғышарт жасайтын заң бұзушылық белгілеріне ие болған. Осы негізде ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының атына прокурорлық қадағалау актісі жолданды. Оны қарау нәтижесінде ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бұйрығымен инспекция төрағасының орынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны