29.03.2010, 18:37 3091

Петропавловск қаласында троллейбус паркіне басшылық жасап отырған директордың ешқайсысы да жалақы төлемей отыр

Петропавловск қаласында троллейбус паркіне басшылық жасап отырған директордың ешқайсысы да жалақы төлемей отыр

Петропавловск. 29 наурыз. Kazakhstan Today - Петропавловск қаласында троллейбус паркіне басшылық жасап отырған директордың ешқайсысы да жалақы төлемей отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Еске сала кетейік, наурыздың басында кәсіпорында екі директор пайда болған. Олардың бірі бұл қызметке соттың шешімі бойынша қайта келсе, оның алдындағы бастық қызметтен кетуге құлық танытпады. Директорлардың арасындағы дау салдарынан троллейбустар екі күн бойы тоқтап қалды.

Қазір олардың екеуі де өз бөлмелерінен басшылық жасауда. Ал троллейбус паркінің қызметкерлеріне екі айдан бері жалақы төленген жоқ. "Біз мұндай былықшылыққа бірінші рет тап келіп отырмыз. 9 жылдан бері жұмыс істеп келемін, айтайын дегенім, троллейбус паркі де, адамдар да тонаушылққа ұшырады", - деп мәлімдеді троллейбус паркінің қызметкері Татьяна Примак.

Петропавловск қаласының әкімі Нұржан Ишімбетовтың хабарлауынша, қазіргі жағдаймен троллейбус паркінің қызметкерлеріне жалақы төлеу мәселесі шешімін тапты. Троллейбустар кестеге сәйкес желіге шыға бастады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны