07.04.2019, 15:01 12245

Полиция қызметкерімен 2 000 теңгеге келіспекші болған жүргізуші енді 353 500 теңге мөлшерінде айыппұл төлейді

Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін полиция қызметкерімен 2 000 теңгеге келіспекші болған.Енді Петропавл қаласының тұрғынына 353 500 теңге мөлшерінде айыппұл төлеу қажет. Бурабай аудандық соты осындай шешімге келді.

Петропавловск. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Петропавл тұрғыны 2 мың теңгеге екінші жылдамдықпен жүруге жол полициясымен келіспекші болған.

Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін полиция қызметкерімен 2 000 теңгеге келіспекші болған.Енді Петропавл қаласының тұрғынына 353 500 теңге мөлшерінде айыппұл төлеу қажет. Бурабай аудандық соты осындай шешімге келді.

Жол полициясы қызметкері "Астана-Петропавл" тас жолымен "Рубеж-Бурабай" СБП посты жанынан жол жүріп бара жатқан "Мерседес" автокөлігінің жүргізушісін құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан. Тексеру барысында инспектор жүргізушінің автокөлікті жүргізу үшін сақтандыру полисіне жазылмағанын анықтаған.

Жүргізуші әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін полиция инспекторына "екінші жылдамдықпен жүремін" деп келіспек болып, 2000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы ұсынған. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ҚР ӘҚтК 676 бабына (Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі) сәйкес жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырып, оны сот органдарының қарауына жіберді.

Үстіміздегі жылдың 14 наурызында Ақмола облысы Бурабай аудандық сотының шешімімен құқық бұзушылық жасаған азамат айыпты деп танылып, 353 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны