23.07.2015, 14:43 4035

Помпалық терапия алатын қант диабетімен ауратын балалардыӊ өмір сүруі 3,5 жасқа ұзарды

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Диабет және балалар" тақырыбында өткен брифингте Астана қаласыныӊ штаттан тыс бас эндокринологы, инсулиндік помпалар бойынша ұлттық үйлестіруші Гүлмира Ибдуақасова хабарлады

Астана. 23 Шілде. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Диабет және балалар" тақырыбында өткен брифингте Астана қаласыныӊ штаттан тыс бас эндокринологы, инсулиндік помпалар бойынша ұлттық үйлестіруші Гүлмира Ибдуақасова хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі таӊда 1 типтегіқант диабетімен ауыратын 1 мен 18 жас аралығындағы 1103 бала мен жасөспірім инсулин помпаларымен қамтамасыз етілгенін айтты. Пациенттер мен олардыӊ ата-аналарын тамақтануды есептеу дағдыларына, инсулиндік помпаларды пайдалануды үйрететін және оларды орнататын 23 помпалық мектеп жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, помпалық терапияны дұрыс қолдану мониторингі де жүргізіліп отырады. Помпалық инсулин терапиясын алатын барлық балаларға тоқсандық гликирленген гемоглобин анықталады.

Помпалық терапияныӊ нәтижесінде балаларда аурудыӊ негізгі көрсеткіштерін бақылау(гликирленген гемоглобинді)1,1%-ға жақсарды. Шприцтік терапиямен салыстырғанда пациенттердіӊ өмір сүру сапасыныӊ көрсеткіштері 100%-ға жоғарылады. Балалардыӊ өмір сүруі 3,58 жасқа ұлғайды. Негізгі сырқатқа байланысты жоспарлық госпитализациялау, асқынулар бойынша шұғыл госпитализациялау жиілігі төмендеді. Помпалық терапиядағы балалар мектепте білім алуға, бала-бақшаға, спорттық секцияларға өз қатарластарымен бірге баруға мүмкіндік алды.

Эндокринолог кабинеттерінде жұмыс істейтін 200-ден аса эндокринологтар мен 30 мейірбике помпалық терапия бойынша оқып, онымен жұмыс істеуге дайындықтан өтті.

Өз кезегінде"Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ эндокринологы Найля Тоқтарова Қазақстанда тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі аясында инсулин терапиясын алатын1 және 2 типтегі қант диабетімен ауыратын барлық пациенттер адами инсулинмен, оған ұқсас дәрілер және жеткізу құралдарымен (шприц-қаламдар, инсулин шприцтері, инелер, шығын материалдары бар инсулиндік помпалар) қамтамасыз етілетіндігі туралы хабарлады. Олар қант диабетін өздігінен бақылайтын тест-жолақшалар және ланцеттермен қамтамасыз етіледі.

2013 жылы республикалық бюджетініӊ есебінен4 млрд. 626,6 млн. теӊгеге, 2014 жылы 5 млрд. 699,3 млн. теӊгеге инсулин сатып алынды, 2015 жылы 6 млрд. 969,6 млн. теӊгеге сатып алу жоспарланып отыр. Жергілікті бюджет есебінен 2013 жылы 1 млрд. 303,5 млн. теӊгеге, 2014 жылы 1 млрд. 563,4 млн. теӊгеге сатып алынған болатын.

Бұл ретте ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі еліміздіӊ екі пилоттық өӊірінде созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарламасын енгізуде. Оныӊ шеӊберінде пациенттер қант диабетін басқару бойынша оқытылып жатыр.

Диабет, помпа мектептері, амбулаториялық-емханалық ұйымдар деӊгейіндегі диабеттік табан кабинеттері ашылды. Барлық аймақтарда 1 және 2 типтегі, жүкті әйелдердегі, туу кезеӊіндегі және босанғаннан кейінгі қант диабетін емдеу бойынша клиникалық хаттамалар енгізіліп, жетілдірілді. Сондай-ақ, аймақтарда диетотерапия, денеге түсетін ауырлық пен инсулин терапиясыныӊ техникасына үйретуге бағытталған 83 мектеп жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, "Фонд диабетического просвещения РК" қоғамдық қоры "Назар аударыӊыз! Диабет жаныӊызда!" атты жобаны жүзеге асыруға кірісті. Оныӊ мақсаты - жастар арасында диабет ауруы туралы ақпарат тарату, диабетті асқындыратын қауіп-қатерлерді айқындау, дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру, Астана және Алматы қалалары тұрғындарыныӊ арасында қант диабетін анықтау шараларын ұйымдастыру және өткізу.

"Жобаға Астана мен Алматы қалаларындағы мемлекеттік мекемелердіӊ барлық оқушылары мен студенттері қатысатын болады. Шара аталмыш қалалардыӊ әкімдіктерініӊ, денсаулық сақтау және білім беру органдарыныӊ қолдауымен өтеді", - деп хабарлады "Фонд диабетического просвещения РК" ҚҚ директоры Наталья Тукалевская.

Қант диабеті бойынша Ұлттық регистр мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылдыӊ 1 қаӊтарында Қазақстанда 261453 пациент, оныӊ ішінде 259253 ересектер, 566 жасөспірімдер, 1634 балалар есепте тұр.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны