29.04.2013, 12:03 3906

Прага орталығында үлкен жарылыс болды

Қаза болғандар жайында әзірге ақпарат жоқ. Өрт сөндірушілердің берген мәліметтеріне сәйкес, кем дегенде 13 адам түрлі деңгейде жарақат алған.

Астана. 29-сәуір. Kazakhstan Today - Прага орталығында үлкен жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жарылыс салдарынан ғимараттар қирап, үйінділер астында адамдар қалып қойған.

Қаза болғандар жайында әзірге ақпарат жоқ. Өрт сөндірушілердің берген мәліметтеріне сәйкес, кем дегенде 13 адам түрлі деңгейде жарақат алған.

Оқиға Дивадельни көшесінде орын алды, деп нақтылады полиция қызметкері Томас Хулан. ?esk? rozhlas чехиялық радиостансасы таратқан ақпараттар бойынша, жарылыс Прага музыка өнері академиясының құрамына кіретін кино мен телевизия мектебінің ғимаратында болған. Құқық қорғау органдары әзірше қайғылы оқиғаның нақты себептерін айта алмай отыр. Прага радиосы сүйеніп отырған кей бейресми мәліметтерге құлақ ассақ, жарылыс газдың сыртқа шығуынан орын алған.

Жарылыс болған жерді полиция қызметкерлері қоршауға алды. Жарылыс толқыны апат болған орынға жақын орналасқан ғимарттардың терезелерін сындырып жіберген. Сондай-ақ Ұлттық театр ғимараты да жарылыстан зардап шеккен. Оған қоса, оқыс оқиға Карлов университетінің әлеуметтану факультеті орналасқан ғимартқа да зиянын тигізген. ЖОО өкілдері мәлім еткендей, терезелерден ұшқан шынылардан бірнеше адам жарақат алған, деп хабарлайды Ceske Noviny.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны