04.01.2008, 10:21 2362

Президент жарлығымен Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін 18 адам марапатталды

Президент жарлығымен Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін 18 адам марапатталды

Алматы. 4-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен кеше Алматы қаласында елдің дамуына қосқан үлестері үшін 18 адам марапатталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасай отырып.

Мемлекеттік хатшы Елбасының Алматы қаласындағы резиденциясында бір топ мәдениет және білім саласы қайраткерлеріне, қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды.

"Отан" орденімен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі Шамғон Қажығалиев марапатталды. Ал "Парасат" орденіне соғыс және еңбек ардагері Сұлтан Жиенбаев, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Меруерт Ибусейітова, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты ғылыми-терминологиялық орталығының директоры Өмірзақ Айтбаев лайық деп табылып, ордендерін кеуделеріне тақты.

Сондай-ақ, еңбек ардагері Мәнура Ахметова, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Маман Байсеркеұлы, "Өнер" баспасының директоры Ишірбек Көпішев, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры Хозе Қазыханов, композитор Мыңжасар Маңғытаев, актриса Раиса Мүсірепова "Құрмет" орденімен марапатталды.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағына "Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ вице-президенті Рымбек Илпиев, республикалық "Ұйғыр авази" саяси-қоғамдық газетінің бас редакторы Юлдаш Азаматов, М.Иуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері Ерлан Біләлов, "Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ кинорежиссері Эльза Дильмұхамедова, "Қазақ спорт және туризм академиясы" АҚ президенті Қайрат Зәкіриянов, "Невада-Семей" халықаралық ядролық апатқа қарсы қозғалыстың сарапшылар кеңесінің төрағасы Виктор Мошкевич, "Қазақстан Республикасы көркемөнер академиясы" қоғамдық бірлестігінің президенті Лаура Оразбекова, ҚР Президенті Мұрағатының директоры Владимир Шепель ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны