"Президенттің Жолдауын бүкіл ел болып тыңдадық" - Алматының өнер жұлдыздары Мемлекет басшысының бастамларына қолдау білдірді
Алматы. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Онлайн форматтағы отырысқа мәслихат депутаттары, ардагерлер, медициналық қоғам мүшелері, еріктілер қатарынан 80-нен астам адам, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
МузАРТ тобының мүшесі, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" Мейрамбек Бесбаев та Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді талқылауға қатысып, қолдау білдірді.
"Кеше Президенттің Жолдауын бүкіл ел тыңдады. Жаңа ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Пандемия тек бізде ғана емес, бүкіл әлемде жалғасатынын білесіз. Бұл азаматтардың өзін-өзі тануына ғана емес, мемлекеттік даму жүйесіне де әсер етті. Менің ойымша, кеше жақсы қорытынды жасалды, - деді М. Бесбаев. Ол сондай-ақ, онлайн оқыту мәселесіне жеке тоқталды. Елдегі шектеу шараларын ескере отырып, мәдени қызмет, оның ішінде концерттер тоқтатылғанын атап өтті. Біз бәріміз бала тәрбиелеп жатырмыз. Жолдаудағы онлайн режимге көшу жөніндегі қадамдарды ерекше атап өткім келеді. Атап айтқанда, осы форматта жаңа форматын әзірлеу идеясы ұнады".
Коронавирус пандемиясына байланысты әлемдегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқытуға көшкенін атап өткен жөн. Жолдауда Президент шұғыл түрде толыққанды оқу процесіне қажетті барлық функциялар жиынтығы бар бірыңғай білім беру онлайн-платформасын әзірлеуді тапсырды.
Сонымен қатар, қазақстандық әнші Президенттің дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қолдау жөніндегі бастамасын атап өтті.
"Дәрігерлердің жалақысын көтеру туралы шешім халық арасында жақсы қабылданды. Дәрігерлер әр адамның өмірі үшін күресуде, бұл сөзсіз ерлік. Олардың жалақысын көтеру -маңызды, өз кезегінде нағыз қажетті шара болды",- деді. ЭКО-ға бөлінген квотаның 7 есеге көбеюі - халыққа жағымды жаңалық болғанын назардан тыс қалдырмады.
Жалпы алғанда М.Бесбаев, Жолдау халық үшін өзекті, кезек күттірмейтін мәселелерді көтергенін және өзінің бұл жолда қабылданған нақты қадамдарды қолдайтынын жеткізді.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Бакуда Қазақстан мәдениетінің онкүндігі өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ташкентте қазақ киносының күндері өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Брюссельде Қазақ киносының күндері өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды
Музыка - баршаға түсінікті әмбебап тіл. Бүгінгі концерт мәдениет арқылы халықтарымызды жақындастырып, болашақ әріптестікке берік негіз қалайтынымызды айқын көрсетті", - деп атап өтті Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті
Қазақстанның Қытайдағы достары Клубы" қазақ дипломаттары, ҚХР мемлекеттік органдары мен Орталық Азия бойынша жетекші қытай мамандары арасында тұрақты пікір алмасуға арналған сараптамалық алаң болып табылады. 2015 жылдан бері өткізілетін Клуб отырыстары өзекті ішкі саяси, экономикалық және өңірлік процестерді, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты және көпсалалы ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегін талқылауға арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.12.2025, 20:37Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты 15.12.2025, 22:01 164636Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді15.12.2025, 23:10 164336Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 164086Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды17.12.2025, 11:28 128456Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді
10.12.2025, 17:08 183581Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады15.12.2025, 20:37 165941Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты15.12.2025, 22:01 164636Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді15.12.2025, 23:10 164336Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 164086Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды

