28.09.2007, 11:00 1568

«Протон-М» зымыран тасығышының құлауынан келген шығын 1 млрд теңгеден астам - Төтенше жағдайлар министрі

«Протон-М» зымыран тасығышының құлауынан келген шығын 1 млрд теңгеден астам - Төтенше жағдайлар министрі


Астана. 28-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" – Алдын-ала мәлімет бойынша, "Протон-М" зымыран тасығышының құлауынан келген шығын 1 млрд теңгеден астам. Бұл жөнінде кеше тілшілерге берген сұхбатында Төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов хабарлады.

"лдын-ала есептеулер айыппұл санкциялары 1 млрд теңгеден әлдеқайда жоғары және бұл көрсеткіш құлаған зымыран салдарын жоюмен байланысты барлық шығындарды анықтағаннан кейін кейбір кеткен қателіктер түзетіліп, Ресей жағына ұсынылатын болады", - деді В. Храпунов.

Ол үкіметтік комиссияның кезекті отырысында Ресей жағына ұсынылатын "Протон-М" зымыран тасығышының құлауынан келген шығынды есептеу жұмыстары қаралатындығын түсіндіріп өтті.

Осыдан соң, министрдің айтуынша, комиссия істелген жұмыс жайында Қазақстан Республикасының премьер-министріне баяндамақ.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының 13 күні бірлескен қазақстан-ресей штабы 6 қыркүйек күні құлаған "Протон-М" зымыран тасығышының апатты құлауынан келген шығын көлемін анықтауға кіріскен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны