08.05.2012, 15:28 3049

Путин Медведевті премьер-министр қызметіне ұсынды

Путин өзінің сайлауалды кампаниясында президент болып сайланса, Медведевті премьерлік қызметіне ұсынатынын айтқан болатын.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - Ресей президенті Владимир Путин Кремльдегі инаугурациядан соң қызметіне кірісе салысымен премьер-министрлікке Дмитрий Медведевтің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Медведевтің кандидатурасы мемлекеттік думаның қарауына түсті.

Путин өзінің сайлауалды кампаниясында президент болып сайланса, Медведевті премьерлік қызметіне ұсынатынын айтқан болатын.

Сейсенбіде мемлекеттік думаның кезектен тыс жиыны болады. Онда Владимир Путин депутаттарға Медведевті премьерлік қызметіне арнайы ұсынады. Дүйсенбіде үкіметті уақытша басқарып келген Виктор Зубков пен барлық министрлер кабинеті Путиннен отставкаға жіберуді сұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны