04.07.2018, 14:35 3249

"Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары Астананыӊ 20 жылдығына орай дайындаған арнайы жобалары таныстырылды

Шараныӊ мақсаты - Астананыӊ 20 жылда жеткен жетістіктері мен бас қаланыӊ даму тарихына арналған арнайы жобалармен таныстыру.

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 3 шілдесінде Орталық коммуникациялар қызметінде "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары Астананыӊ 20 жылдығына орай дайындаған арнайы жобалармен таныстырды.

Шараға "Qazaqstan" телеарнасыныӊ ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясыныӊ директоры Ерлан Атамбай, арнайы жобалар бөлімініӊ жетекшісі Қуаныш Сүлейменов, "Qazsport" телеарнасыныӊ директоры Павел Цыбулин, және "Igraphic" дизайн бюросыныӊ жетекшісі Бағлан Айдашов қатысты.

Шараныӊ мақсаты - Астананыӊ 20 жылда жеткен жетістіктері мен бас қаланыӊ даму тарихына арналған арнайы жобалармен таныстыру. "Qazaqstan" ҰТА Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясыныӊ директоры Ерлан Атамбай: "Астана еліміздіӊ бас қаласы ғана емес, Тәуелсіз еліміздіӊ тарихи қаласына айналды. Бүгінде Астанада маӊызды халықаралық іс-шаралар, әлемдік оқиғалар тұрақты түрде өтеді. Астананыӊ 20 жылдығына орай корпорациямыздыӊ шығармашылық тобы 10-нан астам деректі фильмдер мен арнайы жобалар дайындады. 6 шілде күні, сағат 19:00-де эфирге шығатын "Астана тынысы" атты деректі фильмді ерекше атап өткім келеді. Бұл фильм сондай-ақ: Қытайдыӊ CGTN-Russian, Қырғызстанныӊ КТРК, Өзбекстанныӊ НТРК, Туркияныӊ TRT Avaz, Моӊғолияныӊ Sky News және басқа да елдердіӊ телеарналарынан көрсетілетін болады"- деді.

Айта кетейік, "Qazaqstan" Ұлттық арнасы шілденіӊ 2-нен бастап 8-не дейін Астананыӊ мерейтойына арналған арнайы жобалар мен деректі фильмдерді ұсынатын болады. Ұлттық арна көрермендері "Бір суреттіӊ тарихы", "Елбасы елеӊ-алаӊ", "Елбасы сүйген ел әні", "Ел жүрегі Астана", "Елорда инфрақұрылымы", "Астана -арман қала", "Елорда есебі", "Жасай бер әсем Астана", "Ұлттық арнада ұмытылмас әндер" және тағы да басқа тыӊ жобаларды көреді.

"Елбасы "Орталық Азия елдері күшті және тәуелсіз аймақ бола алады, өйткені соӊғы 500 жылдыӊ ішінде тұӊғыш рет біздіӊ аймақ экономика жағынан дүниежүзілік экономика үшін маӊызды аймақ болып отыр", деген еді. Біз осыны негізге ала отырып, деректі жоба жасауды жөн санадық. Дайындық барысында, Қырғызстан, Тәжікстан, Изірбайжан, Түркия елдерініӊ бірнеше қоғам қайраткері, саясаткерлер мен сарапшыларынан сұхбат алынды. Жобаныӊ ұзақтығы 25 минут. Алтыншы шілде күні эфирге 20.40 та шығады. Идеттегідей Ұлттық арна бағдарламаларын "Qazaqstan TV" қосымшасы арқылы көруге болады"-деп аяқтады сөзін Ерлан Атамбай.

Ұлттық арна 6 шілде күні 5 сағатқа жуық тікелей қосылуларымен ерекшеленбек. Сағат 13.00.-де "Ақпарат" бағдарламасы көшпелі студиядан мерекелік шығарылымын ұсынады. Қала бойынша өтіп жатқан барлық мерекелік шараларды толық қамтитын болады. Ұлттық арна жүргізушілері Қымбат Досжан мен Жансерік Бейсеев көрермендермен, қала қонақтарымен кездесіп, түрлі викториналар ұйымдастырса, Данияр Меӊілбеков, Ирина Тән, Мейіржан Илібекұлы, Дана Нұржігіт, Қайрат Иділкерейлер көрерменмен жүздесіп мерекелік шаралар ортасынан тікелей қосылады. "Басты тақырып", "Мәселе" және "Елден Хабар" бағдарламалары да ел ішінен тікелей эфирге қосылады. Қызықты спикерлер, тамаша ойындар, викториналар өткізіледі. Көшпелі студияныӊ соӊғы қосылуы сағат 17.00. де. Барлық аймақтардағы өтіп жатқан шараларды қамтумен қатар, күнделікті қорытынды жаӊалықтар кешкі 20.00-да шығады.

"Qazsport" телеарнасыныӊ директоры Павел Цыбулинніӊ айтуынша: "Мереке күндері "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары әдеттегідей футболдан әлем чемпионатын көрсетуді жалғастырады. Одан бөлек, 7-ші шілде күні сағат 13.55-те кәсіби бокстан екі салмақта әлем чемпионы атанған Бейбіт Шуменовтіӊ Хизни Алтынкаяға қарсы жекпе-жегін тікелей эфирде көрсететін болады. Биыл "Qazsport" телеарнасы 5 жасқа толды, осы жылдар аралығында 70-тен аса деректі фильмдер мен бірқатар спорттық бағдарламалар жарық көрді. Біз алдағы уақытта да телеарна көрермендерін жаӊа жобалармен, тыӊ бағдарламалармен қуантатын боламыз",- деді.

Сондай-ақ, "Igraphic" дизайн-бюросы "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасыныӊ тапсырысы бойынша арнайы дайындалған ID роликтерімен таныстырып өтті. Елбасыныӊ Тәуелсіздік жылдардағы жеткен жетістіктері мен елге сіӊірген орасан еӊбегі бейнеленген бейнероликтер заманауи инфографикада орындалған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны