18.09.2020, 20:13 9875

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 16 қыркүйекте қол қойылған қаулысындағы өзгерістер түсіндірілді

Ал сұлулық салоны, шаштараз, СПА-орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер, фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейн, жаттығу залдары, спорт кешендері, сауналар мен діни объектілер демалыс және мереке күндері жұмыс істей алады.

Алматы. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 16 қыркүйекте қол қойылған қаулысындағы өзгерістерді түсіндірді. Жаңа құжатта қосымша жеңілдіктер бар:

- балалар кабинеті/түзету орталықтарындағы, балалар мен ересектерге білім беру орталықтарындағы әр топтағы адам саны алдын ала жазылу тәртібі бойынша 5-тен 15-ке дейін көбейтілді;

- мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор органдарында, ұлттық компанияларда, өзге де ұйымдарда, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерде қашықтан жұмыс істеу нысаны 50% кем болмауы тиіс;

- қоғамдық тамақтану объектілері ашық ауада қызмет көрсете алады және залдағы отыратын орын 50-ден аспауы тиіс, алайда ұжымдық іс-шара өтккізуге рұқсат жоқ;

"Демалыс және мереке күндері шектеу шаралары сақталада: азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлері, сауда -ойын-сауық орталықтары жұмысын тоқтата тұрады; азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарлары жұмыс істемейді", - деп хабарлады Р.Қожапова.

Ал сұлулық салоны, шаштараз, СПА-орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер, фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейн, жаттығу залдары, спорт кешендері, сауналар мен діни объектілер демалыс және мереке күндері жұмыс істей алады.

Сонымен қатар, Қазақстанға шетелден келген азаматтарға қойылатын талаптар да өзгерді.

"Елімізге ЕАЭО мемлекеттерінен және Өзбекстан Республикасынан теміржол, теңіз, өзен көлігі және автоөткел жолдарымен өткізу пункттері арқылы Қазақстанның Мемлекеттік шекарасынан асқан адамдар термометриядан өтеді, сауалнамаға жауап береді және алынғанына 5 тәуліктен аспаған ПТР-тесттің нәтиесі таза болуы тиіс, COVID-19-ға қарсы тексерілгені туралы анықтама көрсетеді. Анықтама болмаса, сырттан келген адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін жерде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады. ПТР әдісімен СOVID-19-ға зертханалық тексеру үшін материал алынғаннан кейін азаматтар межелі жерге дейін арнайы бағытпен жетізіледі", - деп түсіндірді Р.Қожапова.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны