28.05.2020, 15:44 6803

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкент қаласындағы департаментінің талдау бөлімінің басшысы пара алды деп күдіктелуде

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкент қаласындағы департаментінің талдау бөлімінің басшысы пара алды деп күдіктелуде

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкент қаласындағы департаментінің талдау бөлімінің басшысы пара алды деп күдіктелуде.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша Шымкент қаласындағы Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің талдау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол 2020 жылғы 24 мамырда Шымкент қаласындағы "ҚТЖ" АҚ филиалының лауазымды тұлғаларын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 162 бабына сәйкес ақпарат беру бойынша міндеттемелерді бұзуда әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін Шымкент қаласы бойынша "ҚТЖ" АҚ филиалының Жүк тасымалы бөлімі инженерінен 500 мың теңге мөлшерінде пара алды деп күдіктелуде.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдікті кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны