28.05.2020, 15:49 7639

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары шамамен 400 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары шамамен 400 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары шамамен 400 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды.

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеу барысында аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша ҚР Қылмыстық-процессуалдық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарын ұстап, Өскемен қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамады,.

Ұсталғандардың біреуіне қатысты сот 2 ай мерзімге "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Олар Риддер қаласындағы "Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резервтік мектеп-интернаты" РММ-нің 300 орынға арналаған оқу корпусы" құрылыс объектісін салу кезінде іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін мердігердің шотына 380,8 млн. теңге сомасында бюджет қаражатын аудару арқылы жымқырды деген күдікке ілінді.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тергеу мүдделері үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шешеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны