14.02.2007, 14:04 2526

Рахат Илиев сотқа ар-намысын қорғау туралы шағымдар түсірмек

АЛМАТЫ. 13-ақпан. Kazakhstan Today. Рахат Илиев "Нұрбанк" АҚ басқармалары төрағасының бұрынғы орынбасары Жолдас Темірәлиевтің әйелі Армангүл Қапашева мен басқарманың бұрынғы төрағасы Ибілмәжін Ғылымовтың әйелі Нәзира Базарбаеваның үстінен сотқа шағым түсірмек. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Рахат Илиевтың адвокаты Любовь Балмағамбетова хабарлады.

"Ар-намысын қорғау туралы және әрқайсысының 1 млн теңге көлеміндегі моральдық шығынды өтетіп алу туралы шағымдар Алматы қаласының Медеу аудандық сотына жіберілді", - деп хабарлады адвокат. Л. Балмағамбетованың айтуынша, "Нұрбанк" АҚ бұрынғы басшыларының әйелдері оның сенім білдірген адамы туралы жалған ақпараттар таратуда.

Естеріңізге сала кетейік, ақпанның бірінші жұлдызында А. Қапашева мен Н. Базарбаева жұрт алдында Р. Илиевті олардың күйеулерін заңсыз бас бостандығынан айырды деп айыптаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны