28.07.2008, 10:13 1371

Ресей Ақтөбе облысына жеткізіліп тұратын электр қуатының бағасын арттыруы ықтимал - әкімдік

Ресей Ақтөбе облысына жеткізіліп тұратын электр қуатының бағасын арттыруы ықтимал - әкімдік

Ақтөбе. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Ақтөбе облысына жеткізіліп тұратын электр қуатының бағасын арттыруы ықтимал. Бұл туралы жұма күні "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" электр тасымалдау желісінің құрылысы жөніндегі ведомствоаралық топтың көшпелі отырысының барысында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мәлік Серікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Биылғы жылдың басында біздің өңіріміз электр қуатын алып отыратын РАО "ЕЭС России" өнімінің бағасын 32,5 пайызға қымбаттатты. Және қазіргі таңда Ресей тағы да баға өсіруді көздеп отыр", - деді М. Серікбаев. "Кеңестік кезеңнен бері Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесіне енгізілмеген Ақтөбе облысының халқы жақын болашақта бізде өзіміздің қосалқы станциямыз болады дегенге аса қуанышты", - деп хабарлады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны