14.06.2017, 13:37 3169

Ресей "Байқоӊыр" ғарыш айлағына байланысты күтпеген шешім қабылдады

Басылымныӊ мәліметінше, Мәскеу "Восточный" ғарыш айлағын пайдалануға қатысты өз жоспарын кенеттен өзгерткен.

Қызылорда. 14 маусым. Kazakhstan Today - Ресей "Байқоӊыр" ғарыш айлағынан тәуелсіз болуды армандап, Қиыр Шығыста "Восточный" жаӊа ғарыш айлағын салған. Алайда, немістіӊ Der Spiegel басылымы бұл еӊбек зая кетті деп жазады, себебі сынақ ұшулары алдағы уақытта тек Қазақстандағы алаӊнан жүзеге асырылады.

Басылымныӊ мәліметінше, Мәскеу "Восточный" ғарыш айлағын пайдалануға қатысты өз жоспарын кенеттен өзгерткен.

"Мұндай шешім ресейлік ғарыш бағдарламасында түбегейлі өзгеріс алып келеді", - дейді ИноТВ.

Сібірдегі ғарыш айлағы Ресейдіӊ еӊ ірі құрылыс жобаларыныӊ бірі болған. Оған 5,3 миллиард еуро жұмсалған. Алайда мердігерлерге ірі қаражат жымқырды деген айып тағылып отыр. "Ресей осы ғарыш айлағын салу арқылы өз мүмкіндіктерін тым асыра бағалағаны анық", - деп жазады шетел басылымдары.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны