17.11.2009, 17:03 2513

Ресей Федерациясында заңның қатайтылуына байланысты мәжіліс депутаты ресейлік криминалдық беделділердің Қазақстан аумағына ағылу мүмкіндігіне алаңдаулы

Ресей Федерациясында заңның қатайтылуына байланысты мәжіліс депутаты ресейлік криминалдық беделділердің Қазақстан аумағына ағылу мүмкіндігіне алаңдаулы

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - Ресей Федерациясында заңның қатайтылуына байланысты мәжіліс депутаты Нұрлан Ибдіров ресейлік криминалдық беделділердің Қазақстан аумағына ағылу мүмкіндігіне алаңдаулы. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың атына жолданған депутаттық сауалда айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің депутаттық сауал жолдауымызға Ресейде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте қолданылып отырған жүйелі шаралар туралы ақпарат себеп болып отыр. Онда қылмыстық топтардың жетекшілеріне қатысты қысымды күшейте түсетін аса маңызды саяси және заңнамалық шешімдер қабылданды. Осындай ұйымдасқан қылмыстық топтардың басшыларын ығыстыру ахуалында олар өз ұяларын көршілес елдердің аумағына көшіруге талпыну мүмкіндігі бар", - деді Н. Ибдіров.

Депутаттың пікірінше, "олар үшін Қазақстанның көршілес аумақтары тартымды болуы әбден мүмкін".

Оның құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып жария еткен ақпаратына сәйкес, кейінгі кездері көршілес елдердегі криминалдық белсенділердің Қазақстан аумағына шығу оқиғалары жиілеп кеткен, бұл еліміздегі криминалдық ахуалды күрделілендіріп жіберуі мүмкін. "Меніңше, үкімет еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей алдын алу шараларын қолдануға тиіс", - деді Н. Ибдіров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны