22.06.2007, 11:47 3091

Ресей семейлік Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне "Адмирал Кузнецов" медальдарын табыс етті

СЕМЕЙ. 22-маусым. Kazakhstan Today. Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі семейлік 15 Ұлы Отан соғысы ардагеріне "Адмирал Кузнецов" медальдарын табыс етті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семей әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Биыл бұл сыйлық алғаш рет Қазақстан өкілдеріне, соның ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарында флотта қызмет еткен семейлік ардагерлерге табысталды. Олар медальді дәл осы марапаттау мақсатымен Семейге келген Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарниковтың қолынан алды.

"Семейдегі ардагерлік ұйымдардың жоғары деңгейде жұмыс істеп жатқаны мені қуантады. Ең бастысы, сіздердің Жеңістің 65 жылдық мерейтойына дейін жасап, оны өз көздеріңізбен көргендеріңіз. Біз тағы бір мәрте жиналып, осы мерейтойды атап өтеміз дегенге сенемін",- деді елші.

"Адмирал Кузнецов" медалін РФ әскери-теңіз флотының бас қолбасшысы Ұлы Отан соғысы дәуірінің даңқты адмиралы Николай Кузнецовтың 100 жылдығына орай осыдан екі жыл бұрын тағайындаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны