02.07.2008, 10:35 1371

Ресей журналисі Ілияс Шурпаевты өлтіргендер сот алдына шығады

Ресей журналисі Ілияс Шурпаевты өлтіргендер сот алдына шығады

Душанбе. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ресей журналисі Ілияс Шурпаевты өлтіру оқиғасы бойынша қылмыстық істің материалдары Тәжікстанның Жоғарғы сотына жөнелтілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Бұл қылмысты істеуге күдікті Масрурджон Ятимов пен Наджмиддин Мухиддиновті алдын ала тергеу аяқталысымен Тәжікстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3 бабы бойынша айып тағылды. Ол баптар - 104 (Кісі өлтіру), 249 (Тонау) және 255 (Мүлікті қасақана жою немесе оған зақым келтіру)", - деп хабарлады Тәжікстан Республикасының Бас прокуратурасының ерекше істер жөніндегі басқармасының бастығы Баходур Хамидов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны