19.03.2010, 18:23 4576

Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 139 үміткерге "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды

Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 139 үміткерге "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды

Астана. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Ақордада Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Болашақ" бағдарламасының басты мақсаты - бәсекелестікке қабілетті кадрлық әлеуетті қалыптастыру, ол Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың әлемдегі бәсекелестікке қабілетті алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына ену бойынша қабылдаған стратегиясын табысты іске асыруды қамтамасыз етеді. Қазақстан экономикасының ойдағыдай дамуы мен гүлденуі жас мамандардың білімдеріне, дағдыларына және іскерлігіне қатысты" - деп атап өтті Қ.Саудабаев.

2010 жылғы 13-26 ақпан аралығында өткізілген іріктеу конкурсының бірінші және екінші турларының нәтижесі бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін Республикалық комиссия отырысының қарауына 196 үміткердің жеке істері ұсынылған болатын. Оның 135-і конкурсқа шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетімен түскендер ретінде қатысып отырса, ал 61-і жалпы конкурс бойынша қатысып отыр.

Оқыту бағдарламасы шегінде үміткерлердің жалпы санының арасында 22-і - бакалавриат бойынша, 41-і - магистратура бойынша, 133-і - ғылыми тағлымдама бойынша өтініш берген. Үміткерлердің көпшілігі құжаттарын Ұлыбританияда (55 адам), Ресейде (50 адам), АҚШ-та (31 адам), қалғандары мынадай елдерде оқуға ұсынған: Польша, Испания, Словакия, Швейцария, Канада, Австралия, Малайзия, Сингапур, Германия, Франция, Белгия, Италия, Корея, Литва Республикасы, Украина, Чехия.

Басым мамандықтар тізбесінен үміткерлер мына мамандықтарды таңдаған: "Кәсіптік білім теориясы мен әдістемесі", "Педагогикалық диагностика, білім сапасын бағалау және басқару", "Шығыстану", "Ақпаратттық технологиялар және жүйелер", "Экология", "Құқық", "Экономика", "Биотехнология", "Мемлекеттік саясат", "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Менеджмент" және медициналық мамандықтар бойынша.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 139 үміткерге "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды, олардың көпшілігі ғылыми тәжірибе алмасуға барады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны