22.02.2008, 18:09 3161

Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі "Ақпаратқа қол жеткізу - азаматтың басты құқығы" атты жобаны жүзеге асыруға кірісті

Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі "Ақпаратқа қол жеткізу - азаматтың басты құқығы" атты жобаны жүзеге асыруға кірісті

Алматы. 22 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі "Ақпаратқа қол жеткізу - адам құқығының халықаралық стандарттарына сәйкес азаматтың басты құқығы" атты жобаны жүзеге асыруға кірісті, оған Еуропалық комиссияның Қазақстандағы өкілдігі қолдау көрсетті, деп хабарлайды агенттік Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жоба қалалық мәслихаттардың депутаттарының іс-қызметіндегі ашықтық пен айқындықты көтеруге септігін тигізу және жұртшылық назарын жалпы билік органдарының іс-қызметіндегі ашықтықтың төмендігі проблемасына аударуды көздейді.

Жоба Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан , Оңтүстік Қазақстан , шығыс Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында жүзеге асырылады.

"Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі жүргізілген тексерулердің негізінде қалалық мәслихаттардың депутаттарының іс-қызметіндегі ашықтықты арттыруға бағытталған нұсқаулар шығармақшы. Ондағы мақсат - адам құқығының халықаралық стандарттарына сәйкес азаматтардың ақпаратқа еркін қол жеткізуіне септігін тигізу. Бұған қоса бұқаралық ұйым мәслихаттардың іс-қызметіндегі ашықтықыт арттыру үшін тренингтер өткізетін болады", -делінген хабарламада.

"Қазақстандық билік органдары өз іс-қызметіндегі ашықтық тұрғысынан жиі сынға ұшырайды. Жергілікті өкілетті билік органдары да бұл сыннан тасқары қалып отырған жоқ. Халық мәслихаттарға аз сенеді, азаматтар қалалық мәслихатта өз округының мүддесін қорғайтын депутаттың аты-жөнін де біле бермейді. Биліктің осы органына сайлауға сайлаушылардың келу көрсеткіші ең төмен", -деп түсіндіреді баспасөз қызметі.

Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісінің пікірінше, мұндай ахуалдың қалыптасуына бір себеп - мәслихаттардың жұмысындағы ашықтықты қамтамасыз ететін заңнамалық деңгейдегі механизмдердің жоқтығы болмақ. Сонымен бірге Қазақстандағы сайлау ерекшеліктері депутаттардың сайлау науқанынан кейін сайлаушылармен қарым-қатынас орнату жолдарының дамымай қалуына алып келуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны