23.08.2006, 19:24 3164

Республиканың денсаулық сақтау министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың жаппай ВИЧ індетін жұқтыру себептерін тексеру қорытындысын жария етті

Республиканың денсаулық сақтау министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың жаппай ВИЧ індетін жұқтыру себептерін тексеру қорытындысын жария етті

АСТАНА. 23-тамыз. Kazakhstan Today. Республиканың денсаулық сақтау министрлігі АҚШ денсаулық сақтау департаментінің ауруларды бақылау және олардың алдын алу орталығымен (CDC) бірлесіп, Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың жаппай ВИЧ індетін жұқтыру себептеріне тексеру жүргізді. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында мекеме өкілдері тексерулердің қорытындысын жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

АҚШ денсаулық сақтау департаментінің ауруларды бақылау және олардың алдын алу орталығының (CDC) Орталық Азияға арналған бағдарламаларының директоры Михаил Фаворовтың айтуынша, тексеру қортындысы індеттің белең алуына бірнеше фактордың әсер еткенін көрсетті. "Олардың ішіндегі ең бастысы, қан мен оның препараттарын қауіпсіздікті қамтамасыз етпестен асыра пайдалану, медициналық іс-әрекеттер кезінде қауіпсіздік техникасын бұзу, көп мәрте қолданылатын медициналық аспаптарды пайдалану себептері",- деді М.Фаворов.

Оның айтуынша, "балалардың 90 процентіне қан ауыстырып құйған". Бірақ алты балаға қан ауыстырып құйылғаны туралы деректер медициналық мекемелерде тіркелмеген. Бір балаға қан ауыстырып құю жиілігі 2 мен 24 аралығында. Мәселен, бір балаға 24 мәрте қан ауыстырып құйылған, деді М.Фаворов.

Сонымен бірге бір донордың қаны бірнеше бала үшін пайдаланылған жағдай да тіркелген. Ал ережеге сәйкес, бір науқас үшін бір донордың қаны ғана пайдаланылуға тиіс. Сонымен бірге қанды донордан науқасқа тура ауыстырып құю, қанның бір дозасын бірнеше науқастар үшін пайдалану, құжаттай рәсімделмеген қанды ауыстырып құю сынды сұмдық деректер тіркелген.

Қан ауыстырып құйылған балалардың ВИЧ індетін жұқтыру мүмкіндігі 50 есе артады, деді сарапшы.

Оның айтуынша, ВИЧ індеті анасынан баласына тікелей жұғу мүмкіндігі расталмаған, сонымен бірге, донордың емшек сүтінен ауру жұқтыру мүмкіндігі туралы жорамал да дәлелденбеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны