16.02.2007, 14:20 3090

Республиканың медициналық мекемелері мен жоғарғы оқу орындары Оңтүстік Қазақстан облысының дәрігерлеріне тәжірибелік көмек көрсетуде

ШЫМКЕНТ. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Республиканың медициналық мекемелері мен жоғарғы оқу орындары Оңтүстік Қазақстан облысының дәрігерлеріне тәжірибелік көмек көрсетуде. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Айжан Омарова хабарлады.

Айжан Омарованың сөздеріне сүйенсек, Республикамыздың денсаулық сақтау министрлігі еліміздің медициналық жоғарғы оқу орындарына аймақтарға жергілікті жерде тәжірибелік көмек көрсету үшін мамандар жіберуді өтінген. Бұл үндеуге Қарағанды мемлекеттік академиясы, С. Асфандияов атындағы Алматы мемлекеттік институты, Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, сонымен қатар Алматы қаласының денсаулық сақтау департаменті жұмылдырылды.

"Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысына Ана мен бала денсаулығын қорғау орталығының акушер-гинекологтар, неонатологтар мен анестезиолог-реаниматологтар бригадасы, сонымен қатар Педиатрия институтынан бала дәрігерлері, неонатологтар мен анестезиолог-реаниматологтар бригадасы келіп жетті. Олар Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарында екі аптаға жуық жұмыс істейді",- деді Айжан Омарова.

Сонымен қатар, оның сөздеріне сүйенсек, Алматы мемлекеттік дәрігерлерінің білімін жетілдіру институтының дәрігерлері Түркістандағы жаңа перзентханаға келіп жетті. Сондай-ақ, Қарағанды мен Алматыдан келген дәрігерлер аудандарға жіберіледі.

Айжан Омарова облысқа, сондай-ақ, ЮНИСЕФ қорының ВИЧ/СПИД жұқтырған балаларды емдеу жөніндегі сарапшысы, Санкт-Петербургтың ВИЧ індетін жұқтырған аяғы ауыр әйелдер мен балаларды емдеу жөніндегі орталығының бөлім меңгерушісі Константин Додоновтың келетіндігін хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны