20.10.2021, 18:19 61287

Ревакцинация кімнің есебінен жүргізілетінін мәжілісмендер анықтады

НҰР-СҰЛТАН. 20 ҚАЗАН - Қараша айында Қазақстанда коронавирустық инфекциядан ревакцинацияны бастау жоспарлануда. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарды қайта вакцинациялау қандай қаражат есебінен жүргізілетінін айтты.
 
Бұл мәселені Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жәмила Нұрманбетова көтерді. Ол коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинацияланатын контингентті 9,9 миллионнан 11,4 миллион адамға дейін көбейту туралы шешім қабылданғанын еске салды. Алайда 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында вакцина сатып алуға және ревакцинацияға қаражат көзделмеген, , деп хабарлайды Egemen.kz.
 
Сұраққа жауап бере отырып, вице-премьер Ералы Тоғжанов қаражат "Үкімет резервінен" бөлінетінін хабарлады.
 

ДДҰ ұсынымдары бойынша, 20-дан астам елдің тәжірибесін ескере отырып, біз қарашаның үшінші онкүндігінен бастап қайта вакцинациялауды жүргізу туралы шешім қабылдадық. Алты айдан кейін белсенді емес вакцина үшін және тоғыз айдан кейін векторлық вакцина алғандар үшін ревакцинация басталады. Бірінші кезекте майданда жүргендер - дәрігерлер, мұғалімдер, сондай-ақ 60 жастан асқан азаматтар вакцинацияланады. Олар жыл соңына дейін вакцинамен толық қамтамасыз етіледі", - деп түсіндірді Премьер-Министрдің орынбасары.

 
Оның айтуынша, қалған азаматтарға кезең-кезеңімен екпе жасалатын болады. 2022 жылы шамамен 2 млн адамды егу жоспарлануда. Ал 2023-2024 жылдары эпиджағдайға қарайтын болады.
 

Қазақстанның барлық халқы вакцинамен, оның ішінде ревакцинациямен қамтамасыз етіледі", - деп түйіндеді Тоғжанов.

 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны