18.05.2010, 15:54 3220

Римде әділет министрлерінің халықаралық 5-шi кездесуi болып өтті

Римде әділет министрлерінің халықаралық 5-шi кездесуi болып өтті

Астана. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Италия астанасы Римде 17-18 мамырда "Мораторийден өлім жазасын жоюға дейін. Тіршіліксіз сот төрелігі болмайды" деген тақырыпта әділет министрлерінің халықаралық 5-шi кездесуi болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Иділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында өлім жазасына мораторий жариялау, өлім жазасына баламалы жазалау түрлерін қолдану мәселелері және қылмыстық-құқықтық санкцияларды ізгілендірудің өзге де қырлары талқыланды.

Қазақстан Республикасының Иділет министрі Рашид Түсіпбеков өз сөзінде Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттік саясаттың басты негізі адамның құқығы мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет құру жолын таңдағанын атап өтті.

Р.Түсіпбеков форумға қатысушыларға Қазақстанның өлім жазасын жою бойынша қабылдаған шаралары мен мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді.

Соның ішінде, елде Қазақстан президентінің жарлығымен 2003 жылы өлім жазасына толық бас тартылғанға дейін мораторий жарияланғанын айтып өтті.

Қазақстан Республикасының Конституциясына 2007 жылы аса ауыр жаза көзделуі мүмкін қылмыстық іс-әрекеттердің тізбесін едәуір қысқарту бойынша енгізілген өзгерістер туралы ақпарат кездесуге қатысушылардың қызығушылығын туғызды. Бұл өзгеріске сәйкес мұндай қылмыстарға адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған ерекше ауыр қылмыстар жатады және де жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.

Сонымен қатар, Р.Түсіпбеков Қазақстан Республикасы президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін іске асыру аясында қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мен дамытудың перспективалары туралы ақпарат берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны