08.06.2015, 17:25 4180

"Россельхознадзор" Қазақстандағы киіктердіӊ қырылуы себебін айтты

Қазақстанда киіктердіӊ жаппай қырылуына геморрогиялық септицемия өткір септикалық ауруы себеп болуы мүмкін. Бұл ауруға шалдыққан жануарлар көп бөлігі тірі қалмайды, делінген Россельхознадзор хабарламасында

Астана. 08 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда киіктердіӊ жаппай қырылуына геморрогиялық септицемия өткір септикалық ауруы себеп болуы мүмкін. Бұл ауруға шалдыққан жануарлар көп бөлігі тірі қалмайды, делінген Россельхознадзор хабарламасында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстанда киіктердіӊ жаппай қырылуы мамыр айыныӊ ортасында басталды, қырылған жануарлардыӊ саны 132 мыӊ бастан асқан. 2014 жылы Қазақстандағы киіктердіӊ саны 256,7 мыӊ бас жануарды құраған еді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Россельхознадзор қарамағындағы "Жануарларды қорғау федералдық орталығы" 1-2 маусым күндері Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы киіктердіӊ патматериалдын зерттегенін хабарлады.

"Орталық мамандарыныӊ өткізген зерттеулері аусыл, ұсақ малдардыӊ обасы, қойлар мен ешкілердіӊ шешегі және блютанг сияқты ерекше қауіпті аурулардыӊ болмағанын көрсетті. Зерттелген сынамалардыӊ барлығында В типті Pasteurella multocida - геморрогиялық септицемияныӊ қоздырғышы анықталған", - деп хабарлады Россельхознадзор.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны