26.03.2010, 13:42 5039

С гепатитіне шалдыққан балаларға арналған дәрі-дәрмектер Қазақстанға екі айдың ішінде жеткізіледі - Досқалиев

С гепатитіне шалдыққан балаларға арналған дәрі-дәрмектер Қазақстанға екі айдың ішінде жеткізіледі - Досқалиев

Астана. 26 наурыз. Kazakhstan Today - С гепатитіне шалдыққан науқастарға кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде берілуі тиіс дәрі-дәрмектерге мемлекеттік сатып алулар аяқталды. Бұл туралы бүгін Жақсылық Досқалиев журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Бүгінгі күні тендер аяқталды және конкурстың нәтижесі шығарылды. Балаларға қажетті дәрі-дәрмектер 1,5-2 айдың көлемінде Қазақстанға жеткізілетін болады", - деп атап өтті ол.

Министрдің айтуынша, С гепатитіне қарсы препараттармен тек лейкемиямен ауыратын балалар ғана емес, сондай-ақ ағзасында гепатит жұқпасының аталмыш түрі бар барлық науқастар жүз пайыз қамтамасыз етілетін болады. "Олардың барлығы тегін емделеді және алдағы уақытта медициналық мамандардың қатаң бақылауында болады. Рецидив болған жағдайда тиісті медициналық көмек көрсетіледі", - деді Ж.Досқалиев.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында лейкемия диагнозымен емделіп жатқан балалардың ата-аналары, өз балаларының орталықта гепатиттің С вирусын жұқтырғандығы туралы мәлімдеген болатын. Ал таяуда осы ата-аналар кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында С гепатитіне қарсы берілуі тиіс препараттардың жоқтығын, ал барларының аса қымбаттығын айтқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны