09.08.2006, 14:31 3377

"Саяхат" әуе компаниясы Қазақстан Сомалиге қару сатты-мыс деген қауесетке қатысты өз бетімен тексеру жүргізе бастады

"Саяхат" әуе компаниясы Қазақстан Сомалиге қару сатты-мыс деген қауесетке қатысты өз бетімен тексеру жүргізе бастады

АЛМАТЫ. 9-тамыз. Kazakhstan Today. "Саяхат" әуе компаниясы Қазақстан Сомалиге қару сатты-мыс деген қауесетке қатысты өз бетімен тексеру жүргізе бастады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Саяхат" әуе компаниясының президенті Владимир Куропатенко құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Могадишо әуежайы 2003-жылдың 15-шілдесінен бері жабық тұр. Искери қимылдарға байланысты ол жаққа ұшуға тыйым салынған. Бұл әуежайға ұшақ тек қарақшылық жолмен ғана қона алады. Қазір біздің мамандар басқа елдердің қандай әуекомпаниялары осы әуежайға қона алатындығын анықтау үстінде",- деп мәлімдеді В.Куропатенко. Сонымен бірге "Саяхат" әуе компаниясы президентінің айтуынша, компания мамандары Қазақстан әуекомпаниясына қарасты-мыс делінген ұшақтың суреті қай жерде түсірілгенін анықтамақшы. "Электрондық БАҚ-тарда жарияланған суреттерге қарап ұшақтың дәл қай жерде түсірілгенін аңдау қиын. Бұл мүлдем Могадишо әуежайы емес болар деген күдігіміз бар",- деді ол.

Сонымен бірге "Саяхат" компаниясының басшысы журналистің ұшақтан Қазақстанның байрағын көрдім деген уәжіне де шек келтіреді. "Саяхат" компаниясы ұшақтарының қалай боялатыны біздің сайтта көрсетілген. Журналист сипаттаған нышан белгі біздің бояу үрдісімізге сай келмейді. Ұшақтың артқы қанатында "Саяхат" әуе компаниясының белгісі салынған. Бұл белгіні Азаматтық авиация комитеті бекіткен. Ұшақтың артқы қанатына Қазақстанның туын сызу құқығына тек президенттің "Бүркіт" әуе компаниясы ғана ие",- деді В.Куропатенко. "Яғни Қазақстанның туы бар ұшақпен тек ел президенті ғана ұша алады. Сол себепті Қазақстанның туы бар Ил-76 ұшағы Сомалиге қону мүмкіндігі үлкен күдік тудырады",- деді әуе компаниясының президенті.

В.Куропатенокның пікірінше, "бұл мақала әуе компаниясының емес, мемлекеттің беделіне нұқсан келтіріп отыр". "Өз басым Қазақстан азаматы ретінде бұл журналистің үстінен сотқа азаматтық шағым түсірмекшімін",- деді ол. Заңнамаға сәйкес таяудағы 30 күннің ішінде Қазақстанның, немесе, басқа да кез-келген елдің аумағында сот болады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан сыртқы істер министрлігі еліміздің Сомалиге қару-жарақ сату мүмкіндігі туралы ақпаратты жоққа шығарды. "Бірқатар БАҚ-тарда Қазақстанның нышан белгілері салынуы мүмкін деліген ИЛ-76 ұшағымен Сомалидің Могадишо әуежайына әскери жүктердің заңсыз жеткізілгені жөнінде ақпарат таратылуға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының аталмыш дерекке ешбір қатысы жоқ екенін және бұл елге ешқашан қару-жарақ сатып көрген жоқ деп мәлімдеме жасауға өкілетті",- деп мәлімдеді ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.

Сонымен бірге, В.Куропатенконың айтуынша, "2006-жылдың 25-маусымынан бері "Саяхат" әуе компаниясы жүк тасымалымен айналысқан жоқ. Басқаша айтқанда, екі айдан бері біз жүк тасымалдаған жоқпыз. 2006-жылдың 25-маусымынан бері әуе компаниясына тиесілі екі Ил-76 ұшағы Оралда, сондай-ақ, тағы екі Ил-76 ұшағы Алматыда болды".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны